|
Мысықтың ізі (фото)
|
Түркияның батысында орын тепкен Айдын провинциясындағы Қадыкалесі деп аталатын византиялық қамалды қазу жұмыстары кезінде археологтар ерекше жәдігерге тапты: алдын ала болжам бойынша кем дегенде 800 жыл өткен ит пен мысықтың іздері. Кірпіш пен қыштағы үй жануарларының ізін Измир қаласындағы Егей университетінің қызметкерлері тапқан. Аталмыш қамалдың өзі осыдан бес мыңнан аса жыл бұрын тұрғызылған екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл іздер құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде әлі кеуіп үлгермеген кірпіш пен қышқа түсіп қалған. Бұл жаңалық ит пен мысықтың қолға үйретілгеніне кем дегенде 8 ғасыр уақыт өткенін көрсетіп берген. Оның жаңалығы да осында.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді