Мысық мавзолейі (фото)
Мысық мавзолейі (фото)
5 жыл бұрын 2333 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан аумағында, дәлірегі, Пәкістанның оңтүстік бөлігінде орын тепкен Даду шағын қаласының маңындағы Синде ауылдық елді-мекенінде қараңғы тұрғындар осы өңірде аты шыққан Пір Ғажы Шаһ есімді әскери басшының сүйікті мысығына тұрғызылған кесенені тәу етеді.Express Tribune мерзімді басылымының таратқан хабарына қарағанда, аталмыш кесене күзетшісі Манзұр Хұсейн Косоның айтуынша, Синда елді-мекенін жат жұрттық басқыншылардан қорғаған ергілікті мұсылман жамағатының жетекшісі әрі пәкістандық зерттеуші Әзіз Азиз Кингранидің келтірген дерегі бойынша 17-ші ғасырда әскербасы Пір Ғажы Шаһты жау қолынан мерт болған. Жергілікті қараңғы халық оның есімін қастер тұтады. Алайда, сонымен бірге, оның сүйікті мысығына арнап тұрғызылған кесенеде тәу етіп жатады. Көңілге көлкеңесін түсіретін бұл сұрықсыз көріністің түп-төркіні ислам келмей тұрғандағы көне жоралғыда жатқан көрінеді. Білетіндердің айтуынша, ескіншінің сарқыншағынан арылмаған тұрғындар қарасы көп бұл өңірде. Әйтпесе, мысық жерленген бұл кесене қабырғасында түрлі психикалық кеселге шалдыққандардың бойынан жындарды қуу ритуалы орындалмас еді.

Мысық кесенесінің сыртқы көрінісі

0 пікір
Мұрағат