Бұл кітапта мұсылман емес, яғни өзге дін өкілдерінің, әлемге белгілі тұлғалар мен қайраткерлердің, сонымен қатар, батыс шіркеуі қызметкерлері мен монахтарының Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) туралы 4 мыңнан аса пікірі жинақталған.
Аталмыш жинақ Египет астанасындағы Хумайсара институты зертттеу орталығынан шықты. Кітапта Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) ерекшелігі мен оның өнегелі өсиеттерінің өміршеңдігі батыс зиялылары мен философтары көзқарасы бойынша беріледі.
Энциклопедиялық еңбектегі жазбалар «Болашақ пайғамбардың (с.ғ.с.) туылуы, оның (с.ғ.с.) пайғамбарлығының ғажайып сыры, Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы Інжіл не дейді, заманауи авторлар еңбектеріндегі мұсылман пайғамбары (с.ғ.с.), мейірім мен еркіндік пайғамбары (с.ғ.с.)» деген тараулардан тұрады. Сондай-ақ, жинақта Эдвард Рэмси, Вольтер, Альфонс де Ламартин, Бернард Шоу, Наполеон, Гёте және Аннемари Шиммель сынды танымал тұлғалардың ой-пікірлері де қамтылған.
Кітап авторы бұған қоса, Алланың соңғы елшісін дәріптеген 20 христиан ақыны өлеңдерін де ұмытпаған.