|
Мүфтий жанкештілер үшін креативті термин ұсынды (ВИДЕО)
|
Солтүстік Кавказ мұсылмандарының үйлестіру орталығының жетекшісі Ысмайыл Бердиев «Ресей мұсылмандары бейбітшілік пен дағдарыстан шығу жағында» деп аталатын сәуір айының 10-ы күні өткен халықаралық конференцияда мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын «шаһид» терминін террористерге қатысты қолданбауды сұрап, мәлімдеме жасады. Оның орнына бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жүргендей «шаһид белдеуі» терминін «жанкешті белбеуі» немесе «күнәһар белбеуі» деген терминмен алмастыру турасында ұсыныс жасады. Сондай-ақ, ол асыл дінімізде өзіне-өзі қол жұмсаудың ауыр күнә болып табылатынын тағы бір мәрте еске сала кетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді