Миллиондаған адам петицияға қол қойды
Миллиондаған адам петицияға қол қойды
10 жыл бұрын 3168

Израиль жаулап алған Палестина жеріндегі жөйт келімсектерінің тұрғын үй құрылысына қолдау білдіріп отырған банктерге, қаржы мекемелеріне, зейнетақы қорларына және компанияларға қатаң талап қойылған петицияға әлем бойынша 1,2 млн-нан аса адам қолдарын қойды. Аталмыш құжат халықаралық үкіметтік емес ұйымның Avaaz сайтында орналастырылған. Нақтырақ айтқанда, жөйт келімсектерінің заңсыз тұрғын үй құрылысына қолдау көрсетіп отырған HP, Veolia, Barclays, Caterpillar және G4S ұйымдарына талап қойылған. Голландықтардың ABP зейнетақы қоры Палестинаны отарлауды көздейтін израилдік банкке қаржылай қолдау білдіріп отыр. Аса ірі Barclays банкі палестиналықтарды бодан елге айналдыруға мүдделі Израиль әскеріне инвестиция құйған. Ал британдық G4S компаниясы Израиль әскері палестиналықтар жерін жаулап алуда пайдаланған қауіпсіздік күштерін керек-жарақпен қамтамасыз етіп отыр. Компьютер өндірісінің алыбы атанған Hewlett-Packard компаниясы палестиналықтардың жүрген-тұрғанын қадағалайтын, олардың әр басқан қадамын бағып, бақылауда ұстайтын өте күрделі жүйемен қамтамасыз етіп отыр. Caterpillar компаниясына келсек, палестиналықтардың үйін сүруге арналған бульдозерлермен қамтамасыз етуде.

Соңғы мәліметке қарағанда, Газа секторындағы Израиль агрессиясынан 677 адам қаза тапқан. Ал жарақат алғандар саны 4250 адамға жеткен.

0 пікір
Мұрағат