Мешітті қаз-қалпында қауіпсіз жерге көшірді (фото+видео)
|
Түркияның Батман провинциясында мешітті көшіруге қатысты "арнайы операция" жүзегем асырылды. Hurriyet Daily News ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, мұсылмандардың құлшылық үйін су астында қалуы мүмкін болғандықтан өзге орынға көшірген. Өйткені, аталған провинция аумағында аса қуатты гидроэлектрстансасы салынады. Есесіне бұл құрылыстың салдарынан Һасанкейіп атты ежелгі қалаға су астында қалу қаупі төнген еді. Бұл көне шаһар тарихи әрі мәдени мұралар мен жәдігерлерге бай. Кем дегенде 600 жыл толған сәулет өнері, ескерткіштер, т.б. аман алып қалу үшін оларды көшіру жұмыстарына кіріскен болатын. Біз сөз етіп отырған мешіттің салмағы шамамен 4600 тоннаға жетеді. Оны барынша бүлдіріп алмауға тырысып, үшке бөліп көшірді. Оны "Һасанкейіп" мәдени саябағына жеткізді.