Крайстчерчтегі терактіден соң Жаңа Зеландияның астанасында күнделікті 3-5 адам ислам дінін қабылдауда
Крайстчерчтегі терактіден соң Жаңа Зеландияның астанасында күнделікті 3-5 адам ислам дінін қабылдауда
5 жыл бұрын 3139

Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралының тұрғыны Крайстчерч мешіттеріндегі терактілерден соң өзінің қалай исламға келгенін баяндап берді.  «Мен үнемі өз орнымды іздеумен болдым, алайда бұған дейін еш жерге сыймадым», - дейді 22-жасар Меган Лавледи. 

Бірнеше жыл бұрын Меганның өмірінде қайғылы оқиға орын алыпты. Күйеужігітін көз алдында пойыз қағып кетеді.  «Неге бұл дәл менің басымнан өтті? Менің не жазығым бар?» - деп күйзелумен болдым дейді ол. 

Бұл қайғысы Меганды Құдайға деген сенімінен айырады. Алайда, 2019 жылдың 15 наурызындағы оқиғадан соң (террористің мешіттегілерді жаппай қырған оқиға) ол кенет ішінде әлдебір өзгерістердің пайда болғанын сезінеді. Сол сезімнің түртуімен терактіден зардап шеккен мешіттердің бірі болып табылатын "ән-Нұр" мешітіне бара бастайды: «Алла мені үйіне шақырғандай болды», - дейді жаңазеландиялық. 

Имам Низамул-Хака Тханвидің айтуынша, наурыздағы терактілерден соң Веллингтон мешітінде күнделікті 3-5 адам ислам дінін қабылдауда. Ал Отагода дінге қызығушылық білдіргендердің нөпірінен жергілікті мешіттегі ислам әдебиетінің қорлары сарқылған.

Дереккөз: azan.kz/ 

0 пікір
Мұрағат