Көрші елде энергетикалық сусындарды халал белгісімен сатуға тыйым салынды
Көрші елде энергетикалық сусындарды халал белгісімен сатуға тыйым салынды
4 ай бұрын 1126 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Федералдық монополияға қарсы қызметтің Ингуш департаменті энергетикалық сусындарды «халал» белгісімен таңбалауға жол берілмейтінін мәлімдеді. Аталған құзырлы орын Мәскеу сыра қайнату компаниясының тиісті өнімдерін қарастыру кезінде энергетикалық сусындарға мұндай белгілерді қоюға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сыра қайнатушылар өз әрекеттерімен энергетикалық сусындардың ерекшелігі тұрғысынан тұтынушыларды жаңылыстыру арқылы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды. «Денсаулыққа зиянын тигізетін энергетикалық өнімді халал деп санауға болмайды. Бұл белгіні пайдалану Gorilla энергетикалық сусындарының иесіне бәсекелестерден басым түсуіне мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді федералдық монополияға қарсы қызметтің Ингуш департаменті.

0 пікір
Мұрағат