Консулдың қолын алмағаны үшін мұсылман әйеліне азаматтық берілмеді
|
Алжир тумасына лауазымды мемлекеттік қызметкердің ұсынған қолын алмағаны үшін Франция азаматтығы берілмейтін болды. Француз жігітімен көңіл жарастырып, шаңырақ көтерген мұсылман әйелдің Франция азаматымен тұрмыс құрғанын ел билігі бастапқыда қостап, қолдаған еді. Алайда, Франция төлқұтаны тапсыру кезіндегі ресми шарада батыс пен шығыс өркениеті қақтығысының кішігірім көрінісіндей болған қолайсыз жайт орын алды. Қалыңдық префектураның бас хатшысының және өзгелердің құттықтау үшін созған қолын алмады. Яғни, ислами әдеп сақтады. Бұған қатысты сот қаулысында қалыңдықтың "діни сеніміне байланысты" қол алыспағаны айтылған. Француз қоғамы өздерінің ұлттық құндылықтарына құрмет көрсетпегендерге, мейлі соның ішінде діни сеніміне байланысты болса да, азаматтық бермейді.