Классиктерге тыйым салып жатқан мұсылман елі
Классиктерге тыйым салып жатқан мұсылман елі
6 жыл бұрын 2855 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кувейт билігі күні кеше ғана әлемге әйгілі Федор Достоевскидің "Қожалақтар әулетін" («Братья Карамазовы») ел аумағында оқуға тыйым салынған әдебиеттер тізіміне енгізді. Кувейт билігі неліктен мұндай қадамға барғанын ашып айтпады. Бұл жайында британиялық Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы бес жыл шамасында аталған елде төрт мыңға тарта туындыға тыйым салған. Олардың арасында ең көп оқылатын, әлемдік жауһарға айналған туындылар да бар. Мәселен, Виктор Гюгоның "Париж Құдай Ана соборы" романы мен прозада қайталанбас әрі теңдесі жоқ ерекше қолтаңбасымен көзге түскен, сөз зергері Габриэл Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романы да бар. Қара тізімге, сондай-ақ, аталған елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін, ұлттық құндылықтары мен мәдениетіне жат, шариғатқа қайшы туындылар да кездеседі. 

0 пікір
Мұрағат