Кептерлерге жем шашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Кептерлерге жем шашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
4 ай бұрын 1362 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Азиядағы аса ірі мегаполистердің бірінде, дәлірегі, Гонконгте кептерлерді қолдан қоректендіруге қатаң тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Гонконг ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және табиғатты қорғау департаментіне жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ереже талаптарын бұзғандарға 100 мың гонгонктық доллар айыппұл салынып, бір жыл жылға дейін бас бостандығынан айырады. Қазіргі уақытта бұл мегаполисте жабайы жануарларды - маймылдарды, қабандар мен торғайларды тамақтандыруға тыйым салынды. Жабайы көгершіндер бұрын заңнамада үй жануарларына жатқызылған. Гонконг тұрғындарына жаңа талаптармен танысуға уақыт берілді. Осылайша, тамыз айының 1-і мен 31-і  аралығында тәртіп бұзушыларға алдымен ауызша ескерту жасалып, бағынбаған жағдайда ғана мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Қыркүйектің 1-нен бастап олар жаңа ереже бойынша жауапқа тартылады. Осы орайда биылғы қыстың соңғы айында – ақпанда немістердің Лимбург қаласының билігінің тұрғындар тарапынан үйлердің, көшелердің мен ескерткіштердің құс саңғырығымен ластанғандығы туралы қарша бораған шағымдарынан шаршап, көгершіндерді аулап, кейін оларды жою арқылы санын азайтуды ұйғарғанын айта кетпекпіз. Алайда, жануарлар құқығын қорғаушылар ұйымы өретүрееліп, бұл бастамаға наразылық білдірген еді. Тіпті, референдум өткізген болатын. Алайда, оның нәтижесі жарияланбады.

0 пікір
Мұрағат