Жүзімнің мың сан пайдасы
|
Жүзімнің пайдалы қасиеттері ежелгі Мысырда белгілі болған. Содан бері жүзім тек қана дәмділігімен ғана емес, емдік қасиеттерімен де әлемге танылды. Әсіресе, жүзімнің көптеген дертке дауа екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Сонымен, жүзім туралы не білеміз?
Құрамындағы пайдалы заттар
Жүзімде көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Ақ жүзімде темір мол және жүзім сүйегі мен қабығында кездесетін қою қара немесе қызыл түсті ресвератрол антиоксиданты күштің қалыпқа келуіне көмектеседі. Ол Е дәруменінен де мықтырақ. Одан бөлек, жүзімде кальций, калий, магний, фосфор, сондай-ақ, А, С және В6 дәрумендері бар.
Емге пайдалану:
Жүзім қандай дерттерге дауа болады?
- онкологиялық аурулардың алдын алады
- жүрекке жақсы әсер етеді
- тамырларды қатайтады
- Қан ұюының алдын алады. Жүзімді қаны қою адамдарға ұсынған жөн. Өйткені, ол аспирин секілді қанды таратып, жүрек жұмысын жеңілдетеді.
- Күн сайын жүзім шырынын ішсеңіз, бас сақинасының алдын алады.
- асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттейді.
- қант диабетін емдеуде қолданылады.
- астмасы бар адамдар үшін пайдалы.
- адам терісін балғын әрі жас болуына ықпал етеді.
Жүзім қартаю процесіне қарсы. Яғни, ағзаны жасартады. Жүзім шырынын ағзадағы шлактардан арылу үшін пайдаланады. Жүзімнің қабығында орналасқан пигменттер иммунитетті нығайтады. Сол себепті, қою түсті жүзім пайдалырақ болып есептеледі.
Егер адам күн сайын бір стакан жүзім шырынын ішіп, бір үзім жүзім жесе, оған қандай да бір жұқпалы аурулардың белгісі дарымайды.
Қазіргі медицинада қолданылуы
Түрлі фармацевтикалық компаниялар жүзімді БАД өндіруде бұрыннан қолданып келеді. Олардың құрамына жүзім экстракттары кіреді. Әсіресе, жүзімнің сүйегі мен қабығы жоғары бағаланады. Мәселен, ұсақталған жүзім қабығы мен сүйегінен жүрекке арналған ұнтақ және көптеген сергітетін дәрі-дәрмектер дайындалады.
Косметологияда қолданылуы
Ертеден бері жүзім сұлулық үшін пайдаланылады. Қазір кез келген косметикалық фирмалардан құрамында жүзім кездесетін өнімді таба аласыз. Бұл негізінен бетке арналған кремдер. Бұл кремдердің құрамында антиоксидантты өнімдер көп. Алайда, жүзімнің көмегімен косметикалық өнімді үйде дайындауға болатынын да ұмытпаңыз.
Жүзімнің ұлпасынан беттің майлылығын қалыпқа келтіріп, бетті сергектендіре түсетін маскалар жасауға болады.
Бұл күндері целлюлитке қарсы өнімдерде жүзім белсенді қолданыла бастады.
Соңғы зерттеулердің нәтижесінде жүзімнің еркектерге белсіздіктен арылуға көмектесетіні дәлелденді.