Жібек жолының бір бөлігі бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енді
Жібек жолының бір бөлігі бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енді
11 жыл бұрын 6151

Маусым айының 22-і күні Катар астанасы Доха қаласында өткен ЮНЕСКО жанындағы Бүкіл әлемдік мұралар комитетінің 38-ші сессиясында осындай шешім қабылданды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі іргелі ұйымның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген Жібек жолының бұл бөлігі Қытай, Қазақстан және Қырғызстан аумағынан өтетін «Чанъань-Тянь-Шань» дәлізін құрайды. 2005 жылы Алматы қаласында өткен ЮНЕСКО-ның мәжілісінде Жібек жолының бұл бөлігін бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енгізу жөнінде ұсынысты аталған үш ел де білдірген еді. Бұл дәліз Хань және Тан династиясы билік құрған тұстағы Қытай астанасы болған Сиань (Чаньчань) және Лоян шаһарларынан Жетісуға дейін созылып жатыр. Ұзындығы – 5 мың шақырым. Батыс пен Шығыстың арасын жалғап, алыс-беріс, барыс-келісте, халықтардың бір-бірімен сауда және мәдени байланысының жандануында Жібек жолының стратегиялық маңызы зор болды.

0 пікір
Мұрағат