Жасанды зерде 2030 жылға дейін күллі әлемде 92 млн жұмыс орнын жояды, сонымен бірге, жаңа 170 млн жұмыс орнының ашылуына ықпал етеді
Жасанды зерде 2030 жылға дейін күллі әлемде 92 млн жұмыс орнын жояды, сонымен бірге, жаңа 170 млн жұмыс орнының ашылуына ықпал етеді
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Company A онлайн-ритейлері жақында жасанды зерде (AI) негізіндегі жарнамалық шешімді ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Бұрын адамдар жарнама мазмұны мен мақсатын қолмен  белгілесе, яғни, тек өткізу нарығына ұсынылатын тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты жеткізсе, енді АІ технологиясы тұтынушылық артықшылықтарға бейімделген жарнаманы көрсетеді. Осылайша А компаниясы жарнамалық операциялар штатын 50-ден 5 адамға дейін қысқартты. Оның орнына бұл үрдіс басқа салалардағы қызметкерлер санын ұлғайтты. Бұл жарнама берушілер санының АІ арқасында 10 еседен астам өсуімен байланысты. Компания, сондай-ақ, ірі жарнама берушілерді тарту үшін жаңа стратегиялық және консалтингтік мамандарды жалдады. Осылайша АІ адам жұмыс орындарын жойған, дегенмен, технология қайталанатын міндеттермен шектелетін басы артық жұмыс орындарын қысқартуға ықпал етіп, жұмыс орнын оңтайландырған. АІ-ге қатысты мүмкіндіктер мен ықтимал жайттарды қамтитын теориялық топышлауға сүйенсек, жасанды зерде адамға бемәлім шығармашылық жұмыс орындарын ашуы мүмкін әрі экономиканың өрісін кеңейтеді. Технологиялық индустрияның инсайдері жасанды зерденің жұмыс орындарын құртпайтынын, керісінше арттыратынын алға тарта отырып, АІ-дің адамзатпен бірге жұмыс істейтін серіктеске айналатынын атап өтті. Бір саусақ санына жетпейтін жылдары АІ кесірінен күллі әлем бойынша 92 млн жұмыс орны қысқарып, есесіне жаңа 170 млн жұмыс орны ашылатынын, яғни, жұмыс орындарының саны 78 млн-ға артатын болады. Әсіресе, жасанды зерде, деректер орталығы, киберқауіпсіздік салаларында техникалық машығы бар мамандарға сұраныс күрт артады. Қазірдің өзінде АІ-мен байланысты мамандарды жалдау көрсеткіші артып келеді. Америкалық Autodesk 3 бағдарламалық жасақтама компаниясы 3 миллион бос жұмыс орнына қатысты талдау жүргізіп, 2023 жылдың мамыр айынан 2024 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта АІ-мен байланысты жұмыс орындарының 120,6% -ға өскенін анықтады. 2025 жылы ол 56,1% -ға артқан. АІ инженерлері (143,2%), АІ негізіндегі контентті жасаушылар (134,5%) және АІ саласындағы шешімдердің сәулетшілері (109,3%) сияқты бос жұмыс орындарының санаттары шапшаң өскен. Ал  АІ-дегі жалдау платформасы - Wanted Lab 2023 жылғы қаңтардан 2025 жылғы қазанға дейін аралықты қамтитын IT-саласындағы жаңа бос орындарды талдаудан өткізген және 2025 жылғы шілдеде бос орындар саны 2023 жылғы қаңтарға қарағанда екі еседен артық болғанын анықтады. Бұл ChatGPT сияқты генеративті АІ-дің пайда болуымен ақпараттық технологияға сұраныстың өскенін көрсетеді. Тағы тарқатыңқырап түсіндірсек, AI-ден ең оңтайлы шешімдер мен жауаптарды алу үшін ұтымды нұсқауларды жасайтын промпт инженері – соның айқын мысалы. Бұл мамандық ChatGPT және Gemini сияқты генеративті AI-дің дамуына байланысты танымал болды, жалақысы 200,000 долларға дейін жетеді. AI жасаған контентті тексеретін 'AI жаттықтырушылары' мен AI-дің бейтараптылығын бақылап, заңдықсыздықты болдырмауға арналған 'AI аудиттері' сияқты жаңа жұмыс орындары пайда болды.

0 пікір
Мұрағат