Жасанды ет өсіретін зауыт құрылысы салынады
|
Силикон жазығының жетекші стартаптарының бірінен саналатын Memphis Meats жасушалы дақылдан ет өсіретін алғашқы зауыт құрылысы басталғанын жария етті. Бұл жайында Quartz ақпарат көзі хабар таратты. Тәжірибе ретінде салынатын, жоғары технологиялы ет өндіретін зауыттың құрылысына аталмыш компания 161 млн доллар тартты. Зауыт құрылысына әлемге әйгілі ғалым, Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс пен Ұлыбританияның ең дәулеті шалқыған тұрғындарының бірі Ричард Брэнсон инвестиция құяды.Memphis Meats өкілдері жасанды еттің өзіндік құнын тұтынушылар қол жеткізе алатын бағаға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Әзірге реттеуші органнан тиісті рұқсат алынған жоқ. Жасанды етті сатуға. Осыған қарамастан Memphis Meats АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігімен және азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі басқармамен тығыз ынтымақтастық орнатып отыр. Тиісті рұқсат жасанды еттің сапасы тексерілгеннен кейін беріледі. Кейін жасанды етті Қытайға, Австралияға және Жаңа Зеландияға экспорттауды жоспарлап отыр.