«Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы жағдай
1.1. «Жарапазан-Party» атты байқау (ары қарай – Байқау) жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады;
1.2. Байқау қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылады;
1.3. Байқау туралы ақпарат алдын ала www.ummet.kz сайтында жарияланады;
1.4. Байқауға Астана қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жариялаған «Дін мен дәстүр» жылдары аясында бұқара халық арасында ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді насихаттап, дәріптеу;
2.2. Ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру;
2.3. Халықты он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен сүйіншілеу;
2.4. Оразаның рухани-моральдық, этикалық қасиеттерін насихаттау;
2.5. Жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты қалыптастыру.
3. Байқаудың өту кезеңі
3.1. Байқау 2015 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі күндері аралығында өтеді;
3.2. Байқауға ұсынылған жұмыстар ү.ж. 20 шілдесі күні қорытыланады.
4. Байқауға қатысу талаптары
4.1. Байқауға жекелеген адамдар, шығармашылық топтар, студенттер мен мешіт шәкірттері, жалпы жамағат қатыса алады;
4.2. Байқауға қатысушылар классикалық немесе жаңарған заманауи жарапазан мәтінін ұлттық музыкалық аспаптардың немесе басқа да музыкалық құралдардың сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеусізхалық арасындафлеш-моб форматында орындап, бейне таспаға түсіріп, WhatsApp әлеуметтік желісіндегі +77074467695 номеріне немесе nurastana-05@mail.ru хат қоржынына жолдауға, сондай-ақ, Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі «Нұр Астана» орталық мешітінің @ummetnews және @Үммет Ақпарат жеке парақшаларына сілтеме жасап немесе#жарапазан2015 хеш-тегі арқылы орналастыруға болады.
5. Жүлдегерлерлі марапаттау
5.1. Байқаубарысында 1-2-3 орын алған орындаушыларақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталады.
6. Қосымша мәліметтер алу үшін
6.1. +7 (7172) 44-58-48, nurastana-05@mail.ru.