Жалған неке қидырғандар жауапкершілікке тартылып, жазаланады
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы осы елдің азаматымен жалған неке қидырғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартып, заң бойынша жазалау мәселесін көтерді. Тиісті заң жобасы мемлекеттік думаның қарауына ұсынылды. «Коммерсантъ» басылымының хабарлауынша бұл мәселені калуждық депутаттар көтерген. Олар РФ қылмыстық кодексін «РФ азаматтығын, РФ-да уақытша тұруға рұқсатты заңсыз алу» 322.2 жаңа бабымен толықтырғысы келеді. Аталмыш бап бойынша 300 мың рублге дейін айыппұл салу, үш жылға дейін мәжбүрлеп жұмысқа жегу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы заң жобасына қатысты түсініктеме жазбасында айтылғандай, жалған неке шетелдіктерге есепке тұрмай-ақ уақытша тұру құқығын алуға мүмкіндік береді. Осы орайда айта кету керек, жалған неке бірқатар елде қылмыстық іс болып табылады. Мәселен, АҚШ-та, Германияда, Бельгияда және Ұлыбританияда.