|
Жайнамаз тарихы жайлы кітап шықты (ФОТО)
|
Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (RCICA) «Қолдан тоқылған жайнамаздар тарихы» (‘Handmade Prayer Carpet Through History’) атты көптомдығының алғашқы кітабын шығарып отыр. Аталмыш кітапта адамзат тарихындағы жайнамаздар жайында ақпараттар мен суреттер берілген.
Кітапта жайнамаздардың жасалуы тарихы мен олардың даму жолдары жайлы кеңінен айтылады. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Иран, Мысыр, Марокко, Тунис, Алжир, Мавритания, Кувейт секілді кілем тоқу өнері жақсы дамыған елдердегі түрлі ғасырлардағы жайнамаздар суреттерімен ұсынылған.

Таза жібектен жасалған Мысыр жайнамазы (90х130 см)

Сол жағындағысы: Алжир елінің жүннен жасалған Бербер жайнамазы (110×60см),
Оң жағындағысы: Алжир елінің жүннен жасалған Бербер жайнамазы (120×70 см).

«Бахтияр» деп аталатын қолөнер түрі. Мысыр жайнамазы (таза жібек, 90х115 см)

Мавританияда жасалған жайнамаз (тоқушы Таслем Тахман).

Сол жағындағысы: Зарбия қол өнері түрінде тоқылған жайнамаз (тоқушы Сафия Тимезгин ); Оң жағындағысы: Ирандық жайнамаз (тоқушы Митра Разави).

Мавритандықтардың дәстүрлі өрнектері негізінде пальма жапырақтарынан жасалған жайнамаз (84×110 см, тоқушы Таукат).

Түрлі геометриялық өрнектермен тоқылған Иран елінің жайнамаздары (тоқушы Карим Мирзае).

Сол жағындағысы: Мысыр елінің жайнамазы (тоқушы Закария Абу Сааду);
Оң жағындағысы: жүннен жасалған Бербер жайнамазы (120х70 см).

Жүннен жасалған Анатолиялық жайнамаз (тоқушы Муса Басаран, 125х80 см)