Иса пайғамбардың анасы Мәриамның шынайы бейнесі жасанды зерде көмегімен жасалды (фото)
|
Мигел Анхел Омания Рохас есімді мексикалық қылқалам шебері жасанды зерде мүмкіндігін пайдалана отырып, Иса пайғамбардың анасы Мәриамның шынайы бейнесін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы dailymail.co.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Мәриам бойжеткен шағында ұзын, қара, қолаң шашты болған, ал көзі қоңыр түсті, терісі қараторы келген. Ол бұл еңбегінде Латын Америкасында кеңінен танымал, жергілікті католиктер құрмет тұтатын Гвадалупе ханымның бейнесін негіз ретінде алды. Бұл жәдігер Мехикодағы базиликада әлі күнге дейін бар және қасиетті болып саналады. АІ технологиясы әулие Мәриамның мейлінеше шынайы бейнесін жасау, яғни, синтездеу үшін адамдарға тән барлық ерекшелік қамтылған деректер базасын пайдаланды. Бұл бейнеде терісінің және шашының текстурасы қосымша тереңдік дарытқан. Десе де бұл реконструкция ғалымдар арасында талас-тартыс тудырып отыр. Нақтырақ айтқанда, әулие Мәриам Таяу Шығыс тумасы екені ескерілмеген, оның сыртқы кескін-келбеті еуропалық нәсілге көбірек келеді.