Иранның ондаған тарихи орны UNESCO-ның бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізіміне енді (фото)
Иранның ондаған тарихи орны UNESCO-ның бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізіміне енді (фото)
1 жыл бұрын 1158 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемнің түрлі өркениеттер мен мәдениеттердің және адамзат үшін құнды материалдық және материалдық емес нысандарын түгендеп, қорғауға алатын Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамындағы UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) парсылардың бірқатар тарихи орындарын арнайы тізімге енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта әлемге әйгілі тарихи Жібек жолының бойында орналасқан, Иран аумағындағы орта ғасырлық 56 керуен сарай (Иран аумағында батыс пен шығыстың арасын шарлаған саудагерлер мен жолаушыларға, саяхатшылар мен жиһангерлерге ақылы қызмет көрсететін, шығыстың сәулет өнерінің қаймағы бұзылмаған қайнарына айналған мұндай қонақүй іспетті керуен сарайының 200-дейі кездеседі – ред.), солардың ішінде, Сасанидтер династициясы тұсында салынған, қазіргі Семнан қаласы маңындағы Каср-и Бахрам керуен сарайы, сондай-ақ, Дейір-и Қашын керуен сарайы, Йезд тарихи қала маңындағы керуен сарай бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізімен енгізілді.

Каср-и Бахрам керуен сарайы

 

Дейір-и Қашын керуен сарайы

0 пікір
Мұрағат