Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис
Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис
7 жыл бұрын 3153 7kun.kz secretmag.ru

Әр компания үшін тұтынушы алдындағы дәрежесін анықтап, оның сұранысына қарай жұмыс істеп, пікірін білген маңызды. Алайда интернеттегі сансыз сайттардан әр пікірді анықтап, әр тұтынушымен жеке-жеке жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан назарларыңызға аз ғана уақыттың ішінде компанияңыздың, ұйымыңыздың қоғамдағы дәрежесін анықтайтын 7 бағдарламаны ұсынамыз.

Brand Analytics

Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис Фото: secretmag.ru

Тегін: 14 күн

Бағасы: айына 100 мың теңге

Сервис әлеуметтік желі, БАҚ, пікір білдіруге арналған сайттар мен тематикалық форумадарды қоса есептегенде 10 000 ресурстан сіздің компанияңыз жайлы ақпаратты саралайды. Бағдарлама аудиторияның қысқа хабарламаларына, авторлардың мінездемесіне сүйеніп, бренд туралы қорытынды жасайды. Қажет десеңіз аудиторияның жынысын, жасын анықтап береді. Ақпараттың барлығы Brand Analytics сервисіне визуалды есептеме ретінде жиналады.

BrandSpotter

Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис Фото: secretmag.ru

Тегін: 7 күн

Бағасы:  Айына 149 150 теңге

Бағдарлама ақпаратты 92 млн ресурстан және App Store, Google Play сынды жүйеден саралайды. Сондай-ақ оны әлемнің көптеген тілдерінде қолдануға болады. Қосымша төлем жүргізсеңіз, BrandSpotter сізді қызықтырған компанияға қатысты бірнеше жыл бұрын қандай ақпарат берілгендігін табады. Қосымша төлем 75 000 теңгеден басталады. BrandSpotter барлық жиналған ақпаратты саралап, аудит жүргізіп, тұтынушының қандай өнімді ұнататынын анықтап береді.

IQBuzz

Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис Фото: secretmag.ru

Тегін: 7 күн

БағасыАйына 37 500 теңге

Сервис 10 мыңнан аса ресурсты саралайды. Тұтынушының сұрауы бойынша кез келген  сайттан, форумнан немесе басқа да дереккөзден мәліметті санаулы уақыттың ішінде жинайды. Ол компанияларды тұтынушылардың арасындағы танымалдығын ескере, бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағдарламаның тағы бір қызметіне аналитикалық талдауларды жатқызуымызға болады. Сіз сервиске тапсырыс жасау арқылы компания имиджін, тұтынушының брендке көзқарасын анықтай аласыз. Сервистің көмегімен компания сайтына виджет орналастыруға болады.

Mention

Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис Фото: secretmag.ru

Тегін: 14 күн

Бағасы: айына 10 208 теңге

Бағдарламамен 42 тілдегі сайтты бақылауға мүмкіндігіңіз бар. Сервис қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істемейді. Алайда компьютер мен интернетті жақсы пайдалана білетін адам үшін оның “тілін” түсіну қиын емес. Сервиске міндетті түрде тіркелу керек. Аккаунт ашу қиындық туғызған жағдайда жүйеге әлеуметтік желідегі парақшаңызбен кіре аласыз.

SemanticForce

Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис Фото: secretmag.ru

Тегін14 күн

Бағасыайына 46 800 теңге

Өзге бағдарламалардан ерекшелігі — SlideShare, HeadHunter, LinkedIn сынды ресурстарда жазылған мәліметті есепке алады. Бағдарлама сізге қажетті ақпаратты 20 түрлі құжат түрінде саралайды. Егер CRM, ERP, BI сынды жүйелерді жақсы пайдалана білсеңіз, бұл бағдарламаны дұрыс пайдалану қиындық туғызбауы керек. Жүйелерді SemanticForce арқылы байланыстырып, авторлардың, оқырмандардың белсендігін анықтап, бақылай аласыз.

Wobot

Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис Фото: secretmag.ru

Тегін: 14 күн

Бағасыжылына 89 000 теңге

Тұтынушы арасында компанияңыздың беделін анықтап, қандай қателіктермен жұмыс жасау керектігін анықтау үшін Wobot бағдарламасын пайдаланғаныңыз жөн. Бағдарлама базасында 500 мыңнан аса интернет ресурс бар. Тұтынушының компанияға деген көзқарасын 2005 жылдан бастап анықтауыңызға болады. Компания аналитиктері бағдарламаға қосымша құн, нақтырақ айтқанда 75 мың теңге төлеу арқылы мекеме жайында көпшілік біле бермейтін қосымша ақпаратқа қол жеткізе алады. Арнайы тапсырыс арқылы жарнамалық кампаниялардың тиімділігін, брендтің, компанияға қатысты ұйымның  лауазымын анықтауға болады.

YouScan

Интернеттегі пікірлермен жұмыс істеуге көмектесетін 7 сервис Фото: secretmag.ru

Тегін: 14 күн

Бағасыжылына 700 480 теңге

Сервис ұялы телефондарға ыңғайластырып жасалынған. Сондай-ақ тек қана орыс тілді сайттарға мониторинг жүргізеді. Әлеуметтік желілерден келген хабарламаларға, оның ішінде “Твиттерден” келген комментарийлерге жүйеден шықпай жауап бере аласыз. Мониторингты толық  пайдалануыңыз үшін жылына ең арзаны 1 496 250 теңге көлемінде  қосымша төлем жүргізуіңіз қажет. Жалпы жүйедегі барлық қызметтің түрін екі апта ішінде тегін пайдалануға мүмкіндігіңіз бар.

0 пікір
Мұрағат