Имам Toyota жарнамасына неге түсті (фото+видео)
Имам Toyota жарнамасына неге түсті (фото+видео)
7 жыл бұрын 3048 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапондардың брендіне айналған Toyota барлық әлемдік діндердің өкілдерінің басын қосқан жарнаманы жариялады. Аталған компанияның жаңа жарнамасында имам, раввин, священник және будда монахы осы жылдың ең басты спорттық шарасы – Супербоулға асығады. Сөз орайы келгенде айта кетейік, супербоул – америка футболында ұлттық футбол лигасының чемпионаты атағы үшін ақтық мәре. Алдымен раввин Toyota Tundra автокөлігіне отырып, шіркеуге тартады, священникті ертіп алып, мешітке келеді, имамды қастарына алған соң будда монахын автокөлікке отырғызып алады. Алайда, діни төзімділік пен толеранттылықты насихаттауы тиіс бұл жарнамаға сын айтқандар да болды. Дәлірегі, АҚШ-тағы индустар қауымының жетекшісі  Раджан Зед өздерінің өкілдері жарнамада болмағанына өкпесі қара қазандай екенін жеткізді. Жеткізіп қана қоймай үнділерден кешірім сұрауды талап етті.

 

        

Toyota порадовала мусульман и обозлила индуистов (ВИДЕО)

0 пікір
Мұрағат