Халқын сыйғыза алмай жатып шексіз көбейгісі келеді...
Халқын сыйғыза алмай жатып шексіз көбейгісі келеді...
6 жыл бұрын 4105 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі бала тууға қатысты шектеудің күшін жоятын заң жобасын жалпы халықтың жиналыстың талқысына ұсынды. Бұл жайында The Global Times ақпарат көзі хабар таратты. Дұрыс қой, әлемнің талай еліне несие беріп, 800 млн-нан аса тұрғынын кедейлік қамытынан шығарған Қытай билігі ендігі жерде әлемде Қытай ықпалын арттыру үшін халықтың өсу қарқынын тежемейтіні. Аталмыш ақпарат көзі 2016 жылдан бері қолданыстағы аталмыш заңның "черновой" нұсқасында "бір отбасыға екі баладан" дейтін шектеудің болмағанын алға тартып отыр. Елдегі демографиялық ахуалды реттеу стратегиялық маңызды шаралардың бірінен саналады. Оған сөз бар ма, бұған қоса, соңғы жылдары Қытайдағы демографиялық ахуал қатты өзгеріске ұшыраған, сол себепті, Қытай билігі тууды жоспарлау саясатына өзгеріс енгізуге мәжбүр болып отыр. Оның үстіне, екі балалы қытай отбасына қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр Қытайдың кей аймақтарында. Мұндай ынталандыру шараларға Қытай билігі не үшін барып отыр: тек шектеуді алып тастағанымен қоймай, қаржылай қолдау көрсетіп отыр? Қытайда баланы 22 жасына дейін қажетті нәрселермен қамтамасыз етуге орташа есеппен алғанда 740-960 мың юан (109-140 мың долла шамасында) жұмсалады екен. Ал қытайлардың орташа статистикалық табысы сегіз мың юаннан аспайды. Бұл жайында Wemedia.ifeng.com ақпарат көзінің келтірген мәліметі осындай. 2017 жылы Қытай халқының саны шамамен 1,4 млрд адамды құраған. Ал "Бір отбасына - бір бала" демографиялық науқаны 1979 жылдан бері қолданыста. Бұл науқанның түпкі мақсаты 2020 жылға қарай ел аумағындағы халық санын 1,2 млрд адамға дейін кемітуге саяды. Алайда, ұл балаға артықшылық беру арқылы елде гендерлік дисбаланс, яғни, жыныстық теңсіздік орын алды. Қазіргі уақытта аталған елде ерлер саны әйелдерге қарағанда 20 млн-ға артық. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш, яғни, айырмашылық 24 млн-ға жетпек.  

0 пікір
Мұрағат