Халал туризмді ең көп тұтынған халық
|
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің туристері әлем бойынша халал туризм сегменті үшін 17,6 млрд доллар жұмсаған. Бұл жайында Туризм және саяхат жөніндегі дүниежүзілік кеңес дерегі мен Mastercard төлем жүйесіндегі мәліметтерге сүйенген Дубай сауда-өнеркәсіп палатысының есебінде айтылған. Осылайша аталмыш ел мұсылман елдері арасында аталған көрсеткіш бойынша көш бастаған. Ал екінші орыннан Сауд Арабиясы көрінген - 16 млрд доллар, үшінші орынға Кувейт жайғасқан - 10,5 млрд доллар. Жалпы алғанда әлем бойынша халал туризмнен түскен табыс 181 млрд долларға жеткен әрі алдағы уақытта бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болмақ. Дәлірегі, 2020 жылға қарай 221 млрд долларды құрамақ. Бұған қоса, мұсылман туристердің қарасы жылдан жылға артып келеді - 2020 жылға қарай 131 млн-нан 156 млн-ға дейін өспек. Өткен 2017 жылы әрбір турист орташа есеппен алғанда 1381 долларды қалтасынан шығарған. 2020 ылға қарай бұл көрсеткіш 1417 долларға етпек.