Google Translate cервисінде қазақ тілінің ауызша аудармасы болады
|
Google Translate сервисінде қазақ тілінің ауызша аудармасы болады. Бұл жайында "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлім етті. Оның айтуынша, қазақ тілінің ауызша аудармасын аталған жүйеге енгізу жобасы коммерциялық мақсатты көздемейдіғ яғни,, табыс табуды мақсат етпейді және белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылады. "Бұл жүйеде қазақ тілінің болғаны бәрімізге аса маңызды. Өйткені, бұл осы заманғы әрі әлемдегі алдыңғы қатарлы ауызша аударма жүйесі болып табылады",- деді ол. "150 мыңға тарта сөз бен сөйлемдерді сапалы өңдеу қажет",- деді ол артынша. Осылай дей келе ол аталмыш жоба демеушілердің көмегімен жүзеге асыратынын, дәлірегі, олар бөлген 4 млн теңгені осы іске жарататынын жеткізді. Нақты қай уақытта аяқталатынын айтпады. "Екі жылдың ішінде бітіруге тырысамыз. Google-дегі әріптестерден де жәрдем сұраймыз",- деді Рауан Кенжеханұлы. Айта кетейік, бүгінгі таңда күніне 200 млн-нан аса адам Google Translate-ні пайдаланады екен. Аталған жүйеде әлем елдерінің 103 тілінің ауызша аудармасы бар. Ал Vоісе-to-Text технологиясымен 32 тіл қамтылған. Қазақ тілін бұл жүйеге енгізуге талпыныс 2014 жылдың желтоқсан айында сәтті аяқталған болатын.