|
Газа секторын қалпына келтіруге 5,4 млрд доллар бөлінетін болды
|
Израил басқыншылығынан адам шығынын былай қойғанда инфрақұрылымы қатты зардап шеккен Газа секторын қалпына келтіруге қатысты Мысыр астанасында өткен халықаралық конференцияның нәтижесі бойынша 5,4 млрд доллар бөлінетін болды. Бұл жайында Норвегияның Сыртқы істер министрі Берге Бренде осы мәселеге қатысты келіссөз соңында мәлімдеді. «Келіссөзге қатысқан тараптар шамамен 5,4 млрд доллар бөлетін болып келісті. Бұл қаржының жартысы Газа секторын қалпына келтіруге және палестиналықтардың күнделікті қажетін өтеуге жұмсалады», - деді Берге Бренде. Каир қаласында өткен жиынға әлемнің елу елі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді