Ғалымдар ислам қаржысына ғылыми тұрғыдан келуді жақтайды
Ғалымдар ислам қаржысына ғылыми тұрғыдан келуді жақтайды
10 жыл бұрын 3128

Күллі әлемнің ғалымдары мен қаржы сарапшылары діни үкімдерге сай реттелетін ислами қаржы саласын экономикаға бейімдеу үшін ізденетін болады. Яғни, ислами қаржыны экономикада пайдаланудың тетіктері іздестіріледі. Мәселен, инвесторлар қалай шешім қабылдауы керек немесе экономикаға тиімді жаңа өнімдерді қалай жобалауға болады? Мұндай нақты тәжірибелік мәні бар мәселелерді шешіп алмайынша ислами қаржы саласын одан ары дамыту мүмкін еместігін алға тартып отыр сарапшылар. Осыған байланысты Ислам даму банкі Марокко және Сауд Арабиясымен бірігіп, арнайы байқау жариялады: тілек білдіргендер ислами экономика мен қаржы аспектісінде оңтайлы жүйенің компьютерлік үлгісін жасауға атсалыса алады. Байқау шарты бойынша үш үлгі дайындаkуы тиіс: үшеуі де үздік шықса, оның авторына аса ірі ақшалай сыйлық беріледі. Жидда қаласындағы Ислам даму банкісінің қаржы өнімдерін дамыту орталығының жетекшісі Сәми әл-Сүуайлем ислам қаржысының түрлі мекемелері мен агенттіктерінің клиент, банктердің өзара қалай әрекет ететінінің жиынтық үлгісін жасайтынына үміт артып отыр. «Ислам қаржысында теория мен практика арасында алшақтық бар. Бұл салада инновацияның аз болуы ешкімді таңқалдырмайды. Үлгі – осынау олқылықтың орнын толтыруға көмектесетін тәсілдердің бірі болуы тиіс», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат