Ғажайыпқа толы Сиди Башыр мешіті (фото)
Ғажайыпқа толы Сиди Башыр мешіті (фото)
7 жыл бұрын 3499 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі құпиясын ішіне бүккен әрі сәулеті де өзгеше мешіттердің ішінде Үндістан аумағындағы мұсылмандардың көне құлшылық үйін жатқызамыз. Сиди Башыр мешіті Гуджарат провинциясына қарасты Ахмадабад қаласында орын тепкен. Аталмыш ғибадат ғимаратын Ахмет шаһтың құлы Сиди Башыр соққан. 1452 жылы құрылысы аяқталған. Мешіттің өзгешелігіне байланысты халық арасында Мұнарасы дірілдейтін мешіт деген атауға ие болған. Бұл мешітте биіктігі 21 метрге жететін, балконды екі мұнара бар. Бір қызығы, мешіттің мұнарасының құпиясы әлі күнге ашылған жоқ. Зерттеушілердің тұжырымына қарағанда, конструкция ықтимал зілзалаға төтеп беруі үшін салынған. Тіпті, болар-болмас қозғалыстың өзінен мұнаралар дірілдей бастайды, алайда, екі мұнараны жалғап тұрған дәнекер міз бақпайтыны таңқалдырады. Мешіттің бұл ерекшелігін ең алғаш болып, 19-шы ғасырда ағылшын ғалымдарының бірі байқаған екен. Ол ол, таяу маңдағы теміржолдан пойыз өтсе де оның қозғалысынан туған толқынға төтеп береді. Мешіт жер сілкінісіне төтеп берген болатын. 2001 жылы Гуджарат ауданында Рихтер шкаласы бойынша 7 балдық зілзала кезінде.  Айта кетейік, бұл мешіт қаланың туристер ең көп баратын орнына айналған.

0 пікір
Мұрағат