Facebook, Twitter, Instagram-ды мойындамайтын авторитарлы елдің өз әлеуметтік желісі іске қосылды
Facebook, Twitter, Instagram-ды мойындамайтын авторитарлы елдің өз әлеуметтік желісі іске қосылды
6 жыл бұрын 3055 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркіменстанда "Биз биарде" ("Біз мұндамыз") деп аталатын өз әлеуметтік желісі іске қосылды. Әлеуметтік мәні бар бұл жобаның авторлары айтқандай, "бұл өнім мінсіз деуге келмес, алайда, Түркіменстанда танымал желілерден сапасы кем түспейді". Бұл әлеуметтік желіге жасы 13-ке толғандар ғана тіркеле алады. Оны пайдаланған адам өз жазбасы мен жариялаған материалдары үшін толық жауапты. Сондай-ақ, бұл әлеуметтік желіге тіркелгендер өзгелерге тіл тигізбеуге, қараламауға, мазаламауға, т.б. міндетті. Бұл талапты орындамағандар жауапқа тартылады. Әлеуметтік желі әкімшісі шектен шыққан пайдаланушы заңсыз материал жариялағандарды дереу бұғаттауға құқылы. Алдын-ала ескертпей-ақ. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған елде Facebook, Twitter, Instagram, т.б. танымал әлеуметтік желілер бұғатталған. Авторитарлы елде ойыын ашық айту, билікті сынау секілді жазбалар жарияланбасы үшін әрі халықтың толқуына алып келетін кез келген әрекеттің алдын алу үшін. Халықты осындай әлеуметтік желімен "жұбатқан" түркімен билігінің бұл қадамы - демократияға бастар алғашқы баспалдақ іспетті көрінеді екен.

0 пікір
Мұрағат