Эволюцияға тағы бір соққы берілді: Жердегі тіршілік иелері жердің пайда болуымен бірге пайда болған
Эволюцияға тағы бір соққы берілді: Жердегі тіршілік иелері жердің пайда болуымен бірге пайда болған
6 жыл бұрын 5354 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің немесе ағзаларының арғы тегі (LUCA) шамамен 4,5 млрд жыл бұрын пайда болған, яғни, жер планетасының пайда болу кезімен тұспа-тұс келеді. Мұндай тұжырымға биологтар келіп отыр - "молекулярлық сағат" әдісіне жүгіну арқылы. Осы бағытта зерттеу жүргізген Бристол университетінен Дәуіт Пизани (Davide Pisani) бастаған ғалымдардың зерттеу нәтижелері  Nature Ecology & Evolution мерзімді басылымында жарияланды. Әдетте эволюция туралы ақпараттардың негізгі қайнар көзі тіршілік иелерінің тасқа айналған қаңқаларында жатыр. Алайда, жер - ұдайы өзгеріске ұшырайтын (эрозия, құрлықтардың қозғалысы, жанартау әсері, өзге де геологиялық процестер, т.б.) планета болғандықтан, өткен шақтың естеліктері көбіне із-түссіз жоғалып жатады. Сол себепті, тасқа айналған қаңқалар сирек ұшырасатындықтан, яғни, шектеулі болғандықтан өткен шақ туралы нақты ақпарат алу қиын. Десе де палеонтологиялық жылнама - жердегі өмір туралы жалғыз дерек көзі емес. Тіршілік иелерінің пайда болу тарихын ДНК арқылы да анықтауға болады. Осы заманғы технологиялық жетістіктердің көмегімен. Палеонтологтар тек тастағы бейнеге қарап қана болжам жасаса, генетиктер мыңдаған гендерді салыстыру, зерделеу арқылы нақты ақпарат ала алады. Генетиктер "молекулярлоық сағат" аталып кеткен әдіске жиі жүгінеді. Оның мәні қарапайым: мутация бірдей орташа жылдамдықпен жинақталады. Сол арқылы олардың қашан пайда болғанын анықтауға болады. 

"Осы әдісті (молекулярлық сағатты) пайдалан отырып, тіршілік иелерінің барлық жасушаларының арғы тегінің әмбебап ортақ түрін жасай келе LUCA-ның жермен құрдас екенін анықтадық. Ол Тейи планетасының әсерімен Айдың қалыптасуына апарып соқтырған жердің шамамен 4,5 млрд жыл бұрын пайда болуымен бірге жасап келеді",- деді Пизани. 

0 пікір
Мұрағат