Еуропалық атеист Інжілден "қайшылық" іздейтін АІ жүйесін әзірледі
Еуропалық атеист Інжілден "қайшылық" іздейтін АІ жүйесін әзірледі
24 күн бұрын 374 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда жаңа онлаин қызметі әзірленді әрі іске қосылды – жасанды зерденің көмегімен Інжілдің бір-біріне қайшы дәлел-дәйекке толы екенін көрсетпек. Бұл жайында islam.kz ппорталы өз кезегінде  The Christian Post ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзін агностик-атеист ретінде көрсеткен сайт иесінің айтуынша, аталмыш платформа киелі жазудың ішкі қайшылыққа толы екенін көрсетеді. Қыркүйек айының орта шенінде іске қосылған Bible Both Ways (Інжілді екі жағынан қарағанда) деп аталатын сайт интернет пайдаланушысына моралдық және этикалық сауалдар қойып, оған жауап алуға мүмкіндік береді: «иә» немесе «жоқ» жауаптары інжілдік дәлел-дәйектермен қоса беріледі. Сайт қызметіне жүгінген интернет қолданушысы өзін толғандырған сауалды іздеу жүйесіне енгізеді, сосын «Get Both Sides» («Екі жаққа да алыңыз») басады және AI екі көзқарасты да қолдау ретінде түсіндіруге болатын інжілдік үзінділерді таңдайды. Мәселен, «ЛГБТ – қабылдауға тұратын нәрсе ме», деген сауалға сайт Киелі жазбаның Иоанна нұсқасындағы 4:8 («Құдай деген сүйіспеншілік») деген шумақты дәлел ретінде келтіре отырып, «Махаббат пен барлық адамды бөле-жармай қабылдаудың» христиандықтың негізгі құндылығы екенін түсіндіреді. Ал бұл уәжге қарсы сол киелі жазбадан бір жыныстылар қатынасының күнә екенін, сол себепті, мұндай әрекеттерлі құдай заңына қарсы екенін алға тартады. Десе де кейбір интернет пайдаланушылары міндетті түрде бір-біріне қарсы уәж келтіру үшін алгоритмнің мәтін тақырыбымен еш қатысы жоқ жауапты беретінін алға тартып, сынға алды. Мәселен, «Ібіліс тозақы» деген үкімге қатысты сервис Киелі жазбаның 20:10 шумағын дәлел ретінде келтірсе, оған қарсы уәжге Інжілдің Петр нұсқасынан 5:8 шумағын дәлел ретінде келтірген («Ібіліс әлемде әлі лаң салып жүр, әлі түбегейлі үкімі шыққан емес (яғни, оның өз ісіне өкініп, кешірім сұрауына мұрсат бар) деген мағынадағы жауапты берген. Сайтты әзірлеген адамның айтуынша, Інжіл бір-бірін жоққа шығаратын моралдық тұжырымдарға толы. Міне, осындай себептермен шіркеулер жұмыс істеп тұр. Яғни, автордың ойынша, киелі жазбадағы осындай қайшылықтар пасторлар мен діндарларға қажеттілікті қалыптастырған. Яғни, священниктер осы қайшалақтарды түсіндіруі үшін жүр. Сондай-ақ, олардың түсіндірмесі уақыт өткен сайын өзгеріп отыр, қоғамның құндылықтары өзгерген сайын басқаша сипат алады. Автордың өзі сайтты жасаудағы мақсатын түсіндіре келе дінге еш қарсылығы жоғын, діннің жұбаныш көзіне айналғанын жеткізген. Бұған қоса, Құдайдың бар-жоғы туралы нақты пікір айтудан өзін алшақ ұстайтынын тілге тиек еткен. Осылай дей келе сенімнің өзі осындай қиындықтар мен кедергілерге қарамастан туатынын алға тартқан. Оның сайты христиан діндарлары мен апологеттер арасында қызу талас-тартысқа түрткі болып отыр. Осы орайда ондаған жылдар бойы христиан теологтарының Інжілдегі сәйкессіздіктерді түсіндіретін зерттеу еңбектерін жариялағанын айта кетпекпіз. Ең танымал еңбектердің ішінде - Норман Гайслердің «Сыншылар қашан сұрайды», Уолтер Кайзердің «Інділдегі қиын жерлер» және Глисон Аршердің «Інжілдегі қиындықтар энциклопедиясы».

0 пікір
Мұрағат