Ердоған адамдарды кітап оқуға қалай ынталантырып жүр
|
Түркияның Диарбақыр қаласындағы дәмханалардың бірінде клиенттер ақшамен емес, ерекше жолмен есеп айырысады. Ішкен шайы үшін ақысына кітап оқуы тиіс. Қожакей ауданында орын тепкен аталмыш дәмхана қожайыны ағартшулық бағытта акция өткізіп жатыр. Осылайша қалта телефонына үңіліп, кітап бетін ашпай кеткен адамдардың ынта-зейінін кітапқа аударуды көздейді. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Күніне бір сағат кітап оқыған клиент күні бойы тегін шай мен кофе іше алады. Клиенттер ол үшін өздерімен бірге кітап ала келуі шарт емес. Аталмыш дәмхананың өз кітапханасы бар. Таңдағанын оқыса, жетіп жатыр. Дәмхана қожайыны, 38 жастағы Ердоған Құлаш кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталып өтті, дәлірегі, адамның рухани жетілуі мен елдің көркеюін кітаппен байланыстырады. Дәмхана қожайынының бұл бастамасы клиенттер тарапынан қолдау тауып, оқырмандар қатары қалыңдап келеді. Осыған орай дәмханадағы кітапхана қорын молайтуды көздеп отыр. Шай ішіп отырып, кітап оқығанға не жетсіндейді жергілікті оқырмандар.