Ер екен – жанкүйері сөзінде тұрды
Ер екен – жанкүйері сөзінде тұрды
7 жыл бұрын 8657 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын ағылшындардың «Ливерпул» футбол клубының ойыншысы Мұхаммед Салақтың жасыл алаңдағы жетістіктері мен оның жанкүйерлері туралы жазғанбыз. Мұсылман футболшының ойын өрнегіне сүйсінген жанкүйерлерінің оның қақпаға голды көп кіргізсе, ислам дінін қабылдайтынына уәде еткенін де хабарлаған болатынбыз. Өткен демалыста Мұхаммед Салақтың командасы «Уотфорд» командасын 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңген еді. Бұл голдардың төртеуін тегі мысырлық Мұхммед кіргізгенін де айта кету керек. Мұхаммед Салақ ағымдағы Премьер-лига маусымында орын алған 29 кездесуде 28 голды кіргізіп, толағай табысқа жетті. Жуырда Twitter әлеуметтік желісінде жанкүйерлерінің бірінің жазбасы жарияланды. Оның бұл жазбасы бірнеше мың адамның назарын өзіне аударды. «Осы маусымда Салақтың істегені – нағыз сенсация. Ресми түрде жариялаймын: мен исламды қабылдаймын»,- деп, жазбасының соңында араб тілінде шаһадат айтады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Мұхаммед Салақ қақпаға әр гол кіргізген сайын жасыл алаңда Жаратқанға алғысын білдіріп, сәжде жасайды. Жанкүйерлерінің ислам дінін қабылдауына оның бұл әдеті де әсер еткеніне күмән жоқ. «Салақ нағыз еңбекқордың әрі табысты кәсіпқойдың қандай болу керектігін үйретеді. Сонымен қатар, қарапайым болып қалуды да. Не деген адам!»,- деп толғаныпты жанкүйері.

0 пікір
Мұрағат