Елімізде «Назар аудар: диабет» жобасы басталды
Елімізде «Назар аудар: диабет» жобасы басталды
10 жыл бұрын 3476

Baq.kz

Қоғамды диабет жайлы мағлұматтандыруды күшейту үшін кең көлемді «Назар аудар: диабет» жобасы Алматы мен Астана қалалық әкімдіктерінің қолдауымен жүргізілмек. Мамандар болса Қазақстанда қант диабетінің ерте анықталу деңгейінің төмендігін айтып дабыл қағып отыр. 

«Қазақстан Республикасы диабеттік оқу-ағарту» қорының атқарушы директоры Наталья Тукалевскаяның айтуынша, адамдардың көпшілігі өз диагнозын білмейді және анықталған күнде де ем-домды толық қабылдамайды екен. Осыған байланысты, аталған жоба аясында жастар мен оқушылар арасында диабет жайлы ақпарат кеңінен насихатталатын болады.

«Диабеті бар адамдардың жартысына жуығы өз диагнозы жайлы сезіктенбей жүре береді. Жеткіліксіз ем-дом, дұрыс күтінбеудің салдарынан ауыруы соңы асқынып, соңы мүгедектікке әкеліп, тіпті өлімге ұласуы да мүмкін. Осы негізде Қазақстанның ірі қалалары Алматы мен Астана тұрғындары арасында қант диабетін ерте анықтау шаралары мен оқу-ағарту шараларын жүргізбекпіз» дейді Н. Тукалевская.

Ауру асқынған жағдайда жүрек-қан тамырлық бұзылыстарға, бүйрек қызметінің істен шығуы мен аяқтардың кесілуіне алып келеді. Қоғамдық қор өкілінің мәліметінше, 2014 жылғы жағдай бойынша дүние жүзінде 4,9 млн адам қант диабетінен қайтыс болған екен. 

Ая Өміртай

0 пікір
Мұрағат