Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдеді
Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдеді
6 жыл бұрын 3336

Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Қазір бұл құзірет әділет органдарынан азаматтарға арналған үкімет корпорациясына берілді. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Нәтижесінде тұрғындар ары-бері сандалмай, құжатты бір жерге барып тапсыратын болды. Бұл уақытты үнемдеуге сеп болып отыр. Мәжілістегі Үкімет сағатында Әділет министрі осыған назар аударды. Марат Бекетаев, құжаттарды рәсімдеуден түскен алым, қазір мемлекеттік корпорацияға бағытталатынын атап өтті. Бұл қаржы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалады. Себебі министрлікте еңбек ететін 700 жұмысшының 70 пайызы корпорацияға ауысты. Олар 50 мың айлық алып келсе, қазір табысы 2 есеге дейін артқан. Келер жылдан бастап еңбекақыны тағы да көтеру көзделіп отыр. Сондай-ақ министрлік жылжымайтын мүлікті уақытында тіркемегендерге қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды ұсынды.

Бақтыгүл Атағазиева, ҚР Әділет министрлігінің департамент директоры:

— Осы үстіміздегі жылы бірніші рет заңнаманы бұзғаны үшін ескерту ретінде. Қазір байқап отырмыз 15 мыңнан астам заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілліке тартылса, оның 13 мыңға жуығы бірінші рет ескерту алған. Қазір өзіміз түсінеміз жылжымайтын мүлік ол нарық заты. Оны тіркемей, сіз ешқандай қолданысқа бере алмайсыз. Оны пайдалан алмайсыз. Соған байланысты меншік иесі өзі мүдделі өз меншігін уақтылы тіркеуге.

0 пікір
Мұрағат