|
Елімізде ең көп кітап оқыған 5-сынып оқушысына ешкі тарту етілді
|
Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылдық елді-мекен әкімі жергілікті оқырманға өзге тұрғыластарына қарағанда кітапты ең көп оқығаны үшін (125 кітап) ешкі сыйлады. Бұл жайында Рavlodarnews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Бұл байқауға Тереңкөлдегі кәрі-жас демей, бәрі қатысқан. Мектеп оқушысынан зейнеткерлерге дейін. "Байқау қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиетті оқитындар арасында өткізілді. Бас жүлде - тірі ешкіні 5-сынып оқушысы Олег Айтпаев ұтып алды. Ол өткен жылы 125 кітап оқыған. Қалған жеңімпаздар азық-түлік түрінде марапатталды",- деді Тереңкөл ауылдық елді-мекен әкімі Аждар Жүсіпов.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...