ЕЛБАСЫНА ТАРТУ ЕТІЛГЕН «ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН КІТАПТАРЫ» КІТАП КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
|
Маусым айының 6-сы күні «Қасиетті құран кітаптары» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа сыйға тартылған кітаптар көрмесі ашылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры міндетін атқарушы Қасымбеков М.Б., республиканың мемлекет және қоғам қайраткерлері, бірқатар мұсылман елдерінің Төтенше және Өкілетті елшілері, Қазақстанның бас мүфтиі Маямеров Е.М., ғылыми және мәдени қоғам өкілдері қатысады.
Көрме кең қоғамды исламның мәдени, ғылыми және рухани мұрасымен, ұлттық қазынамен, тарихи құндылықтармен және жәдігерлермен таныстыруға бағытталған.
Көрмеге 70-тен астам кітап қойылады. Бұл сыйға тартылған, түсініктемелер мен түсіндірмелер берілген, Кітапхананың сирек қорындағы Құрандар.
Кітап көрме топтамасында «Нұрнама» - Пайғамбардың намаз оқу жинағы да қосылған. Жинақты 19 ғасырда Әмір Салық Қожа аль- Мақтұм дайындаған. Сондай-ақ, 1988 жылы шығарылған Қасиетті Құран халық назарына ұсынылатын болады.
Бұл кітапты ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарыш айлағына алып барып, оралғанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа сыйға тартқан.
Көрме Құранның шетел тілдеріндегі аудармаларымен және сирек кездесетін ғылыми еңбектермен танысуға мүмкіндік береді. Ол кітаптардың кейбірі күміспен безендірілген, ағашпен, түрлі-түсті металдармен, асыл тастармен көмкерілген.+
Көрмедегі ең ежелгі кітап «Тәпсір Әл-Бағауи» I томы болып табылады (Құранға берілген түсіндірме). Ол 1667 жылмен даталанады.