Ежелгі ислам орталықтарының бірін құм басып қалу қаупі төніп тұр (фото+видео)
Ежелгі ислам орталықтарының бірін құм басып қалу қаупі төніп тұр (фото+видео)
5 жыл бұрын 4090 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мавритания – Африка құрлығының батысынла орын тепкен, халқының саны шамамен 4,5 млн адамды құрайтын шағын ел. Біз сөз етіп отырған елдің ресми атауы – Мавритания ислам республикасы. Берберлік тайпаның байырғы мекені болған жердің тарихы тым тереңде жатыр. Соған орай мәдениеті де бай. Бұл жайында Face 2 Face Africa ақпарат көзі хабар таратты. Мавритания атауы үшінші ғасырда пайда болды ежелгі Мавритания королдігі тұсында. Аталмыш королдік VII ғасырда құлады. Біз сөз етіп отырған африкалық елде араб тілі ресми тіл, алайда, бұқараның арасында бербер тілінің әсері қатты білінетін хассания диалектісі кең тараған. Мавританиядағы ең көне елді-мекендердің бірі Сахара шөлінің оңтүстік бөлігінде орын тепкен, 777 жылы іргетасы қаланған Шингетти қаласының кезінде сәулетімен, ғылым-білімімен, мәдениетімен, мешіттерімен, кітапханаларымен аты шыққан аса ірі сауда орталығы болған.  Шаһардағы құм мен кірпіштен соғылған мешіттер  қажылардың қасиетті сапарға шығар алдында жиналатын орын болатын. Мұндағы бас мешіт XIII-XIV ғасырларда тұрғызылған. Бұл мешіт Мавританияның ұлттық мақтанышы, символына айналған. Уақыт өте келе Шингеттиді құм құрсаулап, біртіндеп тарих қойнауына сіңіп барады. Құмдағы сағым қаланың кебін құшады көп ұзамай. Шингеттидің қашан қаңырап қалғаны белгісіз. Белгілісі, 1990 жылы елдегі қарулы қақтығыс кезінде қала жабылған болатын. 2000 жылы тарихи шаһар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген еді.

Due to the temperamental weather and ever encroaching desert several buildings to the west of the city had to be abandoned, creating the feel of a ghost town

Founded in the 11th and 12th centuries, the ancient town of Chinguetti was originally built to serve the important caravan trade routes that began crossing the Sahara

Although Chinguetti is not a completely abandoned city there are beautiful examples of Sharan architecture and many ancient scientific and Qur¿anic texts to be found

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¨Ð¸Ð½Ð³ÐµÑÑи

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ chinguetti

0 пікір
Мұрағат