Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстандағы кедейлік деңгейі қанша мөлшерде?
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстандағы кедейлік деңгейі қанша мөлшерде?
7 жыл бұрын 4342 7kun.kz Мөлдір Иманмәди

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун Қазақстандағы кедейлік деңгейін 19% мөлшерінде екендігін айтты. Ол Қазақстанға экономикалық өсімнің жаңа моделі керек дейді.

Сарапшының пікірінше, әдетте дамушы елдердегі кедейліктің деңгейін анықтау үшін адам басына тәулігіне 1,25 доллар коэффициенті қолданылады. Егер осы әдісті қолдансақ Қазақстандағы кедейлік деңгейі 1 пайыздан аз көрсеткішті құрайды.

«Алайда, біздің ел үшін адам басына тәулігіне 5 доллардан есептеген дұрыс (БҰҰ стандарты бойынша). Сол кезде жағдайы төмендердің саны 19 пайызға жетеді. Неліктен көрсеткіш осындай үлкен болады? Бұл — девальвация нәтижесіндегі тұрақсыз сауда тенденциясы. Ол, әсіресе, жағдайы орташа адамдарға қатты әсер етті. Қазір үкімет экономиканы тұрақтандыру керек. Ал ол үшін өсімнің жаңа моделі қажет«, — деп атап өтті сарапшы.

Оның ойынша, тауарды қымбат бағада экспорттау үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің саны мен сапасын арттыру маңызды.

«Ол Қазақстанның сауда серіктестері бағалайтын, әлемдік кластағы өнім болуы керек. Негізгі рөлге шағын және орта бизнес ие. Ал ШОБ дамытуға қаржылай қолдау қажет. Мұндай шараларды қазірден бастап қолға алу керек. Себебі, Ресей мен Өзбекстан және т.б. бұл істі бастап кетті», — деп атап өтті Браун.

Сонымен қатар, оның айтуынша, металлургия секторын әрі қарай дамытуды да қарастыру керек. Бірақ онда, негізгі күшті инновацияға түсіру маңызды. Жаңа технология Қазақстанға әлемдік индустрияға енуге үлкен мүмкіндік туғызады.

«Жалпы Doing Business халықаралық рейтингі бойынша соңғы үш жылда Қазақстан біраз жетістіктерге жетті», — дейді сарапшы.

0 пікір
Мұрағат