Дүниеден озған соң донор болуға келісімін берген ерлерге қарағанда әйелдер қарасы көп
Дүниеден озған соң донор болуға келісімін берген ерлерге қарағанда әйелдер қарасы көп
5 жыл бұрын 2491 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Голландиялық «Алхемеен дахблад» мерзімді басылымы таратқан хабарға қарағанда, 2018 жылы донорлық туралы заң қабылданғалы бері 500 мыңнан аса адам ұлттық донор реестріне тіркелген. Аталмыш ақпарат көзі келтірген дерек бойынша голландықтардың жартысынан көбісі өлген соң ағзасын өзгелерге беруге келісімін беретініне немесе бермейтініне әлі бас қатырып жүрген көрінеді. Донор туралы заң келесі жылы – 2020 жылдың шілде айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Аталған заң талабына сәйкес донор реестріне тіркелмеген адам ағзасын беруге үнсіз келіскен тұлға ретінде танылады. Қазіргі уақытта донор туралы реестрге 6,7 млн адам тіркелген. Жасы 18-ден асқандардан. Бұл Голландиядағы ересектердің 44%-ы. Ұлттық донор реестріне тіркелгендерден 3,8 млн адам донор болуға келісімін берген. Шамамен 2,1 млн адам келіспейтіндерін білдірген. Ал 750.000 адам өзі өлген соң өзінің ағзаларын өзге біреулердің пайдалануына беру немесе бермеу мәселесін шешуді туыстарына қалдырып отыр. Бір қызығы, ерлерге қарағанда донор болуға келісімін берген әйелдер қарасы көп. Донор болуға келісімін берген ер-азаматтар саны 29%, ал әйелдер - 31%.

0 пікір
Мұрағат