Діни рәміздерді тауар белгісі ретінде пайдалануға тыйым салынбақ
|
Ресей православ шіркеуі мен Роспатент діни нышандары бар тауар белгілерін тіркеуге тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы «Коммерсантъ» ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Мәскеу патриархатының заң бөлімінің басшысы аббат Ксения Чернега Роспатентпен бірлесіп әзірлеген Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді. «Діни нышандарды сауда белгісі ретінде пайдалану діндарлардың ар-намысына тиюі мүмкін. Қалай болғанда да тиісті тауар белгісін тіркеу моралдық қағидаларға қайшы келмек», - деді ол. Ол орыс православие шіркеуінің шамына тиген мысалдарды келтірді: шарап түрлерін «Монахтың жаны», «Күнәкардың ағынан ақтарылуы» деп атаған, «Әулие Георгий» темекісі, «Нәзік монах» гигиеналық құралдары, «Шіркеу рәсімдері» ішімдігі, т.б. Жаңа заңның жеке немесе заңды тұлғаға, соның ішінде діни ұйымға діни рәміздер мен әулиелердің есімдерін пайдалануға ерекше құқық беруге тыйым салатыны айтылған хабарламада. Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мұхетдинов Орыс православие шіркеуінің бұл бастамасын қолдады.