Дінге бет бұрған Жігер Ауыпбаев “Меломен” тобынан кетті
|
"Меломен" тобының әншісі Жігер Ауыпбаев қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына, дәлірегі, қажылыққа аттанды.
Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.
“Меломен” тобына Баянның танымалдылығына жету алыс шығар. Алайда, топтың өнеріне бас иетін тыңдармандары да жоқ емес. Тыңдаушыларының көбі оларды соңғы уақытта не концерттен, не тойдан көре алмапты. Тіпті, кейбірі ол топты мүлдем тарап кетті ме, деп те топшылаған-ды. Тек топтағы бойы ұзын, өзіндік дауысымен ерекшеленетін Жігер Ауытпаев топтан кетіп жақтан көрінеді.
“Оның "кетемін" дегеніне 4 ай болды. Оның кетпеуіне ат салыстық”, – дейді “Меломен” тобы. 8 жыл бойы топтың ыстығына бірге күйіп, суығына бірге тоңған Жігердің ешқандай себепсіз қолын бір сілтегені өзге жігіттердің ашуын туғызады екен.
“Еңбекті құрдан-құр тастап кететін ешқандай себеп көріп тұрған жоқпыз”, – дейді “Меломен” тобы. Ал, көпшіліктің пікірінше, топтан кеткен әнші бүгінде дінге бет бұрып, Мекке Мәдинада кіші қажылығын өтеуде екен.