|
«Діндер түні» өтеді
|
Мәскеу мегаполисінің билігі мен Ресей Федерациясы аумағындағы әлемдік діндердің жетекшілері «Мұражай түні», «Кітапхана түні» және «Өнер түні» секілді айтулы шараларға ұқсас «Діндер түнін» өткізуді көздеп отыр. Аталмыш акция келесі жылдың көктем мезгіліне жоспарланып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары осы шара аясында кешкі сағат тоғыздан кейін шаһардағы мешіттерде, шіркеулерде, синагогтарда бола алады. Бұл жайында «Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты. Жергілікті мұсылман жамағаты қала билігіне бұл шараны Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) туған күніне (мәуліт) орайластырып, сәуір айында өткізуді ұсынды. Бұл шараны өткізудегі мақсат: түрлі дін өкілдерін өзара жақындастырып, дінаралық татулықты насихаттау.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады