Депрессия Араб әмірлігі билігінің бас ауруына айналды
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің дені шетелдік жұмысшылардан тұратын тұрғындарының ең басты проблемасы күйзеліс болып отыр. Күн шуағы мол, жағажай маусымы ұзақ болса да. Сарапшылардың пікірінше, бұған жұмысқа деген қатаң талап пен қаржылық қиындық (яғни, табыс табу үшін жат елде жүруі деп түсініңіз - ред.), ең бастысы - туған-туыстарынан жырақта өмір сүруі себеп болып отыр. "Ақша мен күн шуағы жеткілікті, алайда, олар адамды тез жалықтырып жібереді. Жайлы өмір бәрібір "үңірейіп тұрған" ағайынның орнын толтыра алмайды. Ағайынмен қарым-қатынас адамның эмоциялық қажетін қанағаттандырады, яғни, көңіл күйін көтереді, ал мұндағылар ағайыннан қол үзіп қалғандықтан өздерін оқшауланып қалғандай сезінеді. Жалғызсырайды",- деп түсіндірді Әбу-Даби қаласындағы Maudsley Child and Adolescent International емханасының психиатр дәрігері Мартин Бэггелей. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда әлем бойынша 300 млн-нан аса адам күйзеліс үстінде, яғни, депрессияға ұшыраған. Бұл дерттен зардап шегетіндер қарасы 2005 жылы 18%-ға артқан.