Бүркітші қыз туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті (трейлер)
Бүркітші қыз туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті (трейлер)
9 жыл бұрын 7200

Моңғолиядағы әйгілі бүркітші қыз туралы түсірілген «Бүркітші» (Eagle Huntress), деп аталатын деректі фильмнің тұсаукесері өтті АҚШ-та. Бұл жайында «Tengrinews.kz» ақпарат көзінің орыс бөлімі ақпарат таратты. Аталмыш фильмнің продюсері – «Жұлдыздар соғысы: Күштің оянуы» деп аталатын әлемге әйгілі фильм арқылы танымал болған актер Дэйзи Ридли. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшсында қаңтар айының 24-і күні АҚШ-та өткен "Sundance Film Festival» кинофестивалінде премьерасы болған Айшолпан Нұрғайыпқызының фото-суретін жариялапты. Біз сөз етіп отырған 13 жастағы бүркітші қыз Моңғолияда тұратын қазақ қызы. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын өткен аса ірі бүркітшілер сайысына қатысып, ең жас бүркітші ретінде алыс-жақынға танымал болды. Сол кезде оған әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары назар салған болған болатын. Олардың арасында әлемге әйгілі «BBC, CNN» агенттіктер де бар. Сөз реті келгенде айта кетейік, аталған фильмде бүркітші қыздың қалай бүркітші болғаны айтылған. Белгілі болығандай, оның әкесі Моңғолияға белгілі бүркітші. Бүркітшінің тек әкесі ғана емес, ата-бабасы да бүркітші болған.

0 пікір
Мұрағат