Бұл елде тозығы жеткен Құран кітаптарын әйелдер өз еркімен қалпына келтіреді (видео)
Бұл елде тозығы жеткен Құран кітаптарын әйелдер өз еркімен қалпына келтіреді (видео)
5 жыл бұрын 2941 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан бір жыл бұрын, яғни, 2018 жылдың қазан айынан бастап, сомалилік әйелдер әбден тозығы жетіп, жемірілген, парақтары шашылуға шақ қалған қасиетті Құран даналарын қалпына келтіру науқанын бастаған болатын Бұл сауапты әрі игілікті іс әлі күнге жалғасын тауып келеді. Бұл жайында International Quran News Agency ақпарат көзі хабар таратты. Африка құрлығында орын тепкен Сомали халқының барлығы дерлік мұсылман, конституциясында ислам мемлекет дін ретінде көрсетілген, шариғат талаптары ел заңнамасының қайнар көзіне айналған. Соның өзінде қасиетті Құранға ұқыпты қарау мәдениеті қалыптаса қоймаған. Бұдан бөлек, климат ерекшелігіне байланысты кітаптар тез тозып кетеді.“Та’зим әл-Құран” (Құранды қастерлеу, ұлықтау мағынасына саятын) деп аталатын жоба аясында сомалилік әйелдер өз еркімен табанынан тозып,, ақысыз-пұлсыз мектептер мен мешіттерді, т.б. жерлерді аралап, тозығы жеткен Құран даналарын жинайды. Түптері сөгіліп, шашылып қалған парақтарына дейін ерінбей жинайды. Аталмыш науқан басталған күннен бастап, төрт ай ішінде олар 10 мыңға тарта Құран данасын жинап, олардың 300-ін қалпына келтірген болатын. Десе де бұл мәселені түбегейлі шешіп бере алмайды. Кешенді шараларды қамтитын арнайы бағдарламаны қажет ететін іс. Тозығы жеткен Құран даналарын қалпына келтіруге қажетті материалдардың өзіне әжептәуір қаражат қажет. Құран көп оқылатын ел болғандықтан жетіспейді. Оны басып шығурадың өзі қомақты қаржыны қажет етеді. Сол себепті, ескі даналары қалпына келтіріліп атады. Қалпына келтірілгендері мектептер мен медреселерге, мешіттерге таратылады.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ somali women repair quran

0 пікір
Мұрағат