Бүгін – Халықаралық араб тілі күні!
|
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер бүгін – желтоқсан айының 18-і күні Арааб тілі күнін атап өтеді. БҰҰ-ның ресми бекіткен алты тілдің (қытай, ағылшын, француз, араб, испан және орыс) біріне жатады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2010 жылы түрлі мемлекеттер мен мәдениеттер диалогын нығайту мақсатында және 1973 жылы БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі болып бекітілді. Бүгінде араб тілінде күллі әлем бойынша 420 млн-нан аса адам сөлейді. Араб тілі - Мысыр, Ирак, Израил, Сирия, Саудия, Марокко, Біріккен Араб Әмірлігі, т.б. конституциямыне бекітілген мемлекеттік тілі. Араб тілі қасиетті Құранның арқасында көп өзгеріске түспеген, ғасырлар бойы мейлінше таза сақталған тілдердің біріне жатады. Бұдан бөлек, араб тілі әлемдегі ең бай, санаулы тілдердің бірі ретінде танымал: араб сөздік қорында 12 305 412 сөз бар, ал ағылшын тілінде 600 000 сөз кездеседі.