Бүгін дүниежүзілік хиджаб күні
Бүгін дүниежүзілік хиджаб күні
7 жыл бұрын 7063 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгін, яғни, ақпан айының 1-і күні Дүниежүзілік хиджаб күні. Бүгін әлемнің әр түкпірінде мұсылман әйелдерден бөлек мұсылман емес әйелдер де бастарына жаулық салып, акцияға қатысуда.Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорк мегаполисінің тұрғыны Назма Хан есімді мұсылман бойжеткен бастаған ынталы топтың бастамасымен ең алғаш рет 2013 жылы әлеуметтік желі арқылы ұйымдасмтырылған болатын. Аталмыш акция. Содан бері бұл бастамаға үн қосқандардың қарасы әлемде жылдан жылға артып келеді. Бұл игі бастамаға әлемнің 67 елінен әйелдер қолдау білдірген еді, алғашқы жылы. Ал 2015 жылы аталмыш акцияға әлемнің жүзден аса елінен 10 млн-нан аса қыз-келіншектер атсалысты. Осылайша бұл бастаманы дәстүріге айналдырып, жақсы іс жалғасын тауып келеді. Бұл күні әлемнің әр түкпірінде ислам туралы ағартушылық шаралар мен дәрістер, мұсылман әйелдерінің сән көрмелері, т.б. өтеді. 

0 пікір
Мұрағат