Биыл ОҚО-да 5 бірдей мәдениет ошағы ашылады
Биыл ОҚО-да 5 бірдей мәдениет ошағы ашылады
10 жыл бұрын 3714 baq.kz

Биыл желтоқсан айының соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында бес бірдей мәдениет ошағы пайдалануға беріледі. Бұл жайында ОҚО Мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова тілшілермен болған мәжілісте баяндады. 

Нақтырақ айтқанда, «Түркістан» сарайы, облыстық қазақ драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, сонымен қатар, көркемсурет галереясының қосымша ғимараты ашылып, ел игілігіне берілмек.

Басқарма басшысы бұдан бөлек биыл облыс музейлері 4557 жаңа жәдігерлермен толыққанын да жеткізді. Осы орайда бізді облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жайғасып жатқан жаңа ғимараттың жағдайы алаңдатты. Себебі жуырда ғана мәдени ошақтың директоры Гүлнәр Саматқызы өз сұхбатында жаңа мұражайға экспонаттар сыймауы мүмкін, мекеме таршылық етеді деп мәлімдеген-ді.

Күлия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

«Сыяды-сыймайды деп мен нақты айта алмаймын, себебі, біздің 151 мың жәдігер-қорымыз бар. Ал, ескі ғимарат бенелеу өнері мұражайы болады. Шымкент қаласының ауқымы кеңейіп жатыр, 3-қала болады деген мақсат болғандықтан, қаламызда мұражайлар көбейеді, мәдениет нысандары да көбейеді».

0 пікір
Мұрағат