Бірде-бір шеге қағылмаған өзгеше мешітте әлі намаз оқуға болады (фото)
Бірде-бір шеге қағылмаған өзгеше мешітте әлі намаз оқуға болады (фото)
8 жыл бұрын 5162 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл ерекше ежелгі мешіт Боснияның Бужим қаласында орналасқан. XIX ғасырда бірде-бір шеге қағылмай ағаштан тұрғызылған. Яғни, Босния жері Османлы империясының құрамында болған кезде тұрғызылған көне мешіт. Осман губернаторының мешітті салуға рұқсат берген құжаты да сақтаулы. Бұл жайында ntdtv.ru ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ғибадат ғимаратының жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Бір мезгілде мұнда 1000-ға тарта адам намаз оқи алады. 

"Ол кезде жаңа технология мұнда келе қоймаған. Шеберлер қиюын келістіріп салыпты",- деді имам Эмин Гросиц. Оның айтуынша, мешіт құрылысы кезінде шеге тұрмақ, бірде-бір металл пайдаланылмаған. Ғибадат ғимараты емен ағашынан соғылған. Мешітке іргелес мұнара тұрғызылған. Жоғарыға ағаш баспалдықпен көтерілуге болады. "Егер мешітке жел соғып тұрған көктем мезгілінде келсең, оның қалай шайқатылғанын көруге және тоқылған кәрзеңке секілді сықырлаған дыбыс шығаратынын естисің",- деді имам. 

2003 жылы мәдени мұраны сақтау жөніндегі босниялық комиссия Бужимдегі ағаш мешітті қорғалуы тиіс сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізді. 

0 пікір
Мұрағат